Борьба с коррупцией

09.01.2018 ж.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған аудиороликтер мен видеороликтері.

https://drive.google.com/open?id=1yz4gT8qvNal-4gAZvV9WKiCvoI9EdUqz

https://drive.google.com/open?id=1GTqwRCsYrM-t9hEnPzSfGBBtasNsqSzP                                                                                                                          https://drive.google.com/open?id=1TIfPCe9ktmTBAhD1rWpG6_JzA99FzOBa

https://drive.google.com/open?id=1itn36vlGybtVmKGmQD0OiSApGe_lwdxj                                                                                                                      https://drive.google.com/open?id=1e9XFWwHx5eXuOiNfd5Wq6eH66NbiEL69

 


 


Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 

    2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар бойынша   2014 жылдың 6-айында атқарылған жұмыстары 

      Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар!
      Құрметті аудан әкімі!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің 2011 жылдың 15 сәуірдегі №188 қаулысымен «Бәйдібек ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы 2011-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Аудандық іс-шаралар  сәйкестендіріліп ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына тарату парақшасымен таныстырылып берілген. Олар өз тарапынан өз құзыреті шегінде іс-шаралар жоспарын жасаған. Аталған іс-шараларды орындау жөнінде бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар беріліп, іске асырылуы қадағаланып, атқарылған жұмыстар жөнінде тоқсан сайын ақпарат алынып отырылады. Аудан әкімі аппараты жинақтап талдап, аудан бойынша есебін облыс әкімі аппаратының  қылмыспен, терроризммен күресті үйлестіру және мемлекеттік-құқық жұмысы жөніндегі бөліміне ақпарат беріліп отырылуда. Аудан әкімдігінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі құрылған комиссияның 2014 жылы 2-рет отырысы өткізіліп, мекеме басшыларын өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырмалар беріліп,  берілген тапсырмалардың орындалуы қадағалануда.

 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс» Кодексінің талаптарын сақтау бойынша  мына төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

        Іс-шараның аясында «Нұр Отан» партиясы Бәйдібек ауданы филиалымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және онда қойылған міндеттер аясында аудан көлемінде облыстық мәслихаттың депутаттары Ш.Жамалбек, С.Бекжігітовтердің аудан активінің, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 2 рет жиындар ұйымдастырылып, азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілді.

Сонымен қатар облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің бірлескен мәжілісінің хаттамалық шешімін орындау мақсатында іс шаралар жоспары бекітіліп, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына орындау үшін жолданып қадағалануда.

Жергілікті «Алғабас» аудандық қоғамдық-саяси апталық газетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты «Жемқорлық індет күресу міндет» айдары ашылып, алдын-алу және жолын кесу жөнінде құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың ауылдық округ әкімдері мен бөлім қызметкерлерінің тарапынан 15 мақала берілген(«Cыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ», «Баршамамызға ортақ міндет», «Парменді тосқауыл қажет», «Алдын алған абзал», «Іштен ірітетін індет», «Тәртіпке бас иген құл болмайды», «Қоғам үшін қауіпті дерт», «Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес», «Індетпен күрес-баршаға міндет» және тағыда  басқа тақырыпта).

       БАҚ-тарда сенім телефон номерлері көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың арыздарымен хаттарына арналған почта жәшіктерінің жұмыс істеу тәжрибесі жетілдірілген.

         Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттің бөлімдерге қаралған қаржылар және қандай салаларға қаржы бөлінгендігі туралы және аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері бұқаралық ақпарат құралдарында мерзімінде жарияланып, интернет-ресурстарға орналастырылған.

     Іс-шараның «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету туралы» талаптарын орындау мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы тұрғын үй қатынастары жөніндегі комиссиясының құрамына «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық ұйым өкілдері тартылып ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үйлер кезектілік бойынша берілуде.

       Бүгінгі таңда аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғандар саны жалпы – 143. (Халықты әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар саны -95, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер саны-48, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылар саны-2.)

         Іс-шаралар жоспарында көрсетілген жер учаскелерін беру яғни тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға өтініш берген азаматтардың кезектілігі аудандық газеттерде жариялануда, Шаян және Боралдай ауыл округ әкімі аппараттарының көрнекілік   жерлеріне  стендттерге орналастырылып, ілініп қойылған.

          Шаян ауыл округі бойынша-631 азамат кезекте тұрса, 2014 жылы кезектілік бойынша 6 азаматқа  шешім шығарылып берілген.

          Боралдай ауыл округі бойынша-279 азамат кезекте тұрса, 2014 жылы Боралдай ауыл округіне қарасты 6 елді мекеннен 76 азаматқа үй іргелік жерге шешім шығарылып берілген.

          Жер телімдерін беру барысында құрамында тиісті сала мамандары, аудандық мәслихат депутаты және «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен тұратын  аудандық жер қатынастары комиссиясының қорытындысы негізінде жеке және заңды тұлғаларға жер телімдері берілуде.

         Аудандық прокуратура тарпынан берілген 1 ұсыныс және облыс әкімі аппаратынан келген «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің  2014 жылғы 22 сәуірдегі №4 қаулысы тапсырма ретінде жолданған.

         Жергілікті атқарушы органдар халықпен тығыз байланыста қызмет атқаратындықтан Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабында көрсетілген құқық бұзушылықты оның ішінде «жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзуды» болдырмау аудан әкімі аппаратының ерекше қадағалауында. Тұлғалардан өтініш-арыз келіп түскен сәттен бастап бақылаудан алынғанға дейін, арыздың қаралу мерзімдерін сақтау мақсатында әрбір арыз бойынша орындаушыдан қараудың қай сатыда тұрғандығы туралы мәлімет алып отырамыз. Бұл мәселенің өзектілігі туралы әрбір жиналыс сайын ауыл округі әкімдері мен бөлім басшыларына ескертілуде.

         Осы атқарылған жұмыстарға қарамастан 2013 жылы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылыққа  жол берген   аудандық білім бөлімінің  бас маманы М.Тоқпанбетовке Бәйдібек аудандық прокуратурасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Заң бұзушылықтарды жою туралы» №7-1-3-13 ұсынысы негізінде  аудандық білім бөлімінің басшысы М.Нақыпбековтың 2013 жылғы 29 қаңтардағы №29 бұйрығымен «қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

2014 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәртіптік жауапкершіліккежол берген, аудандық прокуратураның 30 маусым 2014 жылғы  №2-1207-14-00819 ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27 бабының 7-3 тармақтарындағы сыбайлас жемқорлықпен қатысты қылмыс жасағаны үшін аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі А.Алмабаев бөлім басшысының 3 шілде 2014 жылғы  №35 бұйрығымен қызметінен босатылды.

         Алдағы уақыттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларының және берілген тапсырмалардың аясында жұмыстар жүргізіледі және әрдайым бақылауда ұсталынатын болады.

  Баяндамашы:                     Б.Тасболатов



Пікір жазу